Түркия 5 млн мал құрбан шалмақ

Сенбі, 12.08.2017
Түркия 5 млн мал құрбан шалмақ

Астана. 12 тамыз. KAZISLAM – Түркияда 5,15 миллион құрбандық малы шалынбақ, оның ішінде 1,15 миллион бас ірі қара саналады, деп хабарлайды Анадолу агенттігі.

Республиканың Сауда-саттық, ауылшаруашылық және мал шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, елде құрбандық малын шалуға арналған тіркелген 135 лицензиялы орын бар, бұл қатарға 117 базар мен 18 мал биржасы кіреді.

Түркияның 59 провинциясында ауылшаруашылық базары бар, 15 провинцияда мал биржасы бар. Өткен жылы елде 14, 222 миллион ірі қара мал және 41, 329 мың ұсақ мал тіркелген. 2016 жылы Түркияда 920 мың ірі қара, 2, 95 миллион ұсақ мал құрбандыққа шалынған.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 57 рет
JoomShaper
Top