«Әл-Каида» Сириядан жаңа содырлар ала бастады

Сенбі, 12.08.2017
«Әл-Каида» Сириядан жаңа содырлар ала бастады

Астана. 12 тамыз. KAZISLAM – «Әл-Каида» террористік ұйымының Сириядағы ұяшығы «Хайат Тахрир әл-Шам» тобы Сирияның оңтүстігінде өз қатарларына содырлар алатынын жариялады.

SalamNews ақпарат көзінің хабарлауынша, террористік топ мәлімдемесінде содырлардың Сирияның оңтүстігінде өз жақтастарын көбейтуге күш салатынын атап кеткен. Террористер Сирия үкіметі мен оппозициялық топтар арасында ымыраластық жарияланғаннан бірнеше күннен соң осындай хабарлама жасаған.

Айта кетсек, «Хайат Тахрир әл-Шам» - ымыраластыққа қарсы шыққан террористік топ.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 51 рет

Қажылық анықтамалығы

JoomShaper
Top