Алеппода жедел-жәрдем іске қосылды

Сенбі, 12.08.2017
Алеппода жедел-жәрдем іске қосылды

Астана. 12 тамыз. KAZISLAM – ДАИШ террористік ұйымынан азат етілген сириялық Алеппо қаласында ұзақ жылдардан бері алғаш рет медициналық жедел жәрдем көлігі іске қосылды.

Al-Masdar сириялық ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, қазіргі уақытта қираған қалада медициналық көмек көрсететін тоғыз жедел-жәрдем көлігі жұмыс істеуде.

«Бұл автокөліктер барлық медициналық дәрі-дәрмектер мен қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Медициналық қызмет штатында 40 дәрігер мен медқызметкер бар» деп атап өтті жергілікті денсаулық сақтау басқармасы өкілі.

 

 

 

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 75 рет
JoomShaper
Top