Қызылжар мешіттері тасқынға ұшыраған тұрғындарға көмек көрсетті

Жұма, 19.05.2017
Қызылжар мешіттері тасқынға ұшыраған тұрғындарға көмек көрсетті

Астана. 19 мамыр. KAZISLAM –  Қызылжар өңірінің күре тамыры тәрізді көк Есіл биыл қатты тасыды. Тасқыннан тұрмысы шайқалып, әбігерге түскен тұрғындарға өңір мешіттері ҚМДБ ұйымдастырған «Қайырымдылық керуені» акция аясында белсене қатысты.

Ғ.Мүсірепов атындағы, Айыртау, Шал ақын және Тимирязев аудандарының мешіттері өңірдегі тасқын су басқан бірінші елді мекен – Рузаевка ауылына қол ұшын созды. Ал басқа аудандар мен «Қызылжар» орталық мешіті 350 мың теңге ақшалай және 2,5 миллион теңгенің заттай тауарына қол жеткізді. Атап айтқанда, киім-кешек, кілем, төсек-орын, сондай-ақ қант, май, шай, ұн, секілді азық-түлік өнімдері, сондай-ақ, тұрмыстық қажетті заттар жиналды.

Осыған байланысты облыстық телеарнаға сұхбат берген ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы өңір мешіттерінің қосқан үлесіне ризашылығын білдірді.

«Қайырымдылық керуеніне» түскен тауарлар су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға жылу жинау орталығына тапсырылды. Қайырымдылық шаралары Рамазан айында да жалғасын табатын болады.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 65 рет
JoomShaper
Top