Йеменді қалпына келтіруге 70 млрд доллар керек

Жұма, 19.05.2017
Йеменді қалпына келтіруге 70 млрд доллар керек

Астана. 19 мамыр. KAZISLAM –  Йемен Республикасында соңғы жылдағы үзіліссіз дағдарыстың, атыс-шабыстың салдарынан қираған қалаларды қайта қалпына келтіру үшін шамамен 70 млрд доллар керек. Йеменнің жергілікті басқару комитетінің төрағасы  Абдулрақиб Фаттах осылай деп хабарлады.

Абдулрақиб Фаттах мұндай қаражат көлемін халықаралық банк зерттеу орталығының шешіміне сүйеніп жариялаған.

Аталмыш орталықтың зерттеу нәтижесі жарияланғаннан кейін халықаралық банк орталығы Йемен халқына 200 млн доллар қаражат бөлгелі отыр. Осыған байланысты Сауд Арабиясы да таяу уақытта Йемен халқына 100 млн доллар шамасында қаржылай көмек бермек. Бұған қоса Саудия тарапы елдегі қақтығыстан жапа шеккен йемендіктерге қан құю (донорлық) мәселесін де көтеруді жоспарлайды.

Атап кетсек, қазіргі таңда Йеменнің 80 пайызы мемлекеттің қоластында бақыланып отыр. Алайда, билікке қарсы топтардың саны әлі де азаяр емес.

Оқылды 23 рет
JoomShaper
Top