Мұсылмандар өмір сүретін елінің тәртібіне бағынуы керек

Жұма, 19.05.2017
Мұсылмандар өмір сүретін елінің тәртібіне бағынуы керек

Астана. 19 мамыр. KAZISLAM –  Дүниежүзілік Мұсылмандар Лигасының Бас Хатшысы Мұхаммед  Абдул Карим әл-Иса өзге елге барған мұсылмандар сол елдің конституциясын, тәртібін сақтау керектігін айтып, өзі басқарып отырған Лиганың негізгі ұстанымын таныстырды, деп хабарлайды «Arab News».

«Мұсылмандар сырт елге сапар шеккенде ол өз отанындағы діни ұстанымын басқа елге барып жүргізе алмайды. Мұсылман қай жерге барса, сол жердің тәртібіне бағынуға тиісті.

Егер, басқа елдерде мұсылман әйелдерге хижап киюге тыйым салатын болса, ол жергілікті қаланың сырт киімге байланысты заңдылығын қарастыру керек. Егер сол елде хижап киюге тыйым салынса, онда мұсылман әйелдің екі ғана жолы бар. Біріншісі, сол елдің тәртібіне бағынады, екіншісі, ол елден кетеді. Алайда, адамның сыртқы киіміне тыйым салу заңның шеңберінен шықпауы керек және адами құқықтың сақталуы талап етіледі» деді Бас хатшы Абдул Карим әл-Иса. 

Ескере кетсек, Бас хатшы бұл баяндамасын соңғы уақытта мұсылмандардың сыртқы елдерге барып жергілікті тәртіпке бағынбай дау-дамай шығаруынан туындап отыр.

 

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 65 рет
JoomShaper
Top