«SCAT» әуекомпаниясы Сауд Арабиясына әуе рейсін жасауға рұқсат алды

Жұма, 19.05.2017
«SCAT» әуекомпаниясы Сауд Арабиясына әуе рейсін жасауға рұқсат алды

Астана. 19 мамыр. KAZISLAM – «SCAT» әуекомпаниясы Сауд Арабиясына тұрақты әуе рейстерін жасауға рұқсат алды. Бұл туралы Қазақстанның Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек хабарлады.

Министрдің айтуынша, «SCAT» әуекомпаниясын Сауд Арабиясы корольдігінің Азаматтық авиация Бас агенттігіне тіркеу бойынша жұмыстарды ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті ҚР Сыртқы істер министрлігі және ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігімен бірге  жүргізген. Нәтижесінде Қазақстаннан Рияд, Жидда, Медине және Даммам қалаларына, оның ішінде 2017 жылғы қажылық кезінде тұрақты әуе рейстерін орындауға рұқсат алды.

«Қазір отандық «SCAT» әуекомпаниясы нақты бағыттарды және аталған рейстердің ұшып шығу, ұшып келу күндері мен уақытын анықтау бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Ендi Қазақстан азаматтары үшін Сауд Арабиясына қолайлы авиа ұшуларды таңдауға мүмкіндік артады» дейді Ж.Қасымбек.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 72 рет
JoomShaper
Top