Тәжікстанда ежелгі Құран қолжазбасы табылды

Жұма, 19.05.2017
Тәжікстанда ежелгі Құран қолжазбасы табылды

Астана. 19 мамыр. KAZISLAM –  Қырғызстан азаматы Тәжікстаннан Құран Кәрімнің ерекше көне қолжазбасын жасырын алып кетпек болған.

Баткен облысының 27 жастағы азаматы кемі үш ғасырлық тарихы бар Құран қолжазбасын алып өтпек болған жерінен шекарада кеден қызметкерлеріне ұсталды.

Көне қолжазбаны аталмыш азамат «Тойота Эстима» көлігінің жасырын жеріне тыққан. Факті бойынша Тәжікстан республикасының құқыққорғау органы «Контрабанда» және «Қылмыс жасауға және шабуылға дайындалу» баптары бойынша қылмыстық іс қозғады. Егер сот күдікті деп таныса, Қырғыз азаматына үлкен көлемде айыппұл салынады.

Оқылды 50 рет
JoomShaper
Top