Екпе егу исламға қайшы ма?

Сенбі, 18.03.2017
Екпе егу исламға қайшы ма?

Астана. 18 наурыз. E-ISLAM – Ақтөбе қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасында медицина саласы мамандары мен мектеп мұғалімдерінің қатысуымен  екпе егу мәселесі төңірегінде кездесу өтті.

Оған «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешіті мен «Аңсар» кеңес беру-оңалту орталығының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің наиб имамы Мұрат Досаналиев екпе егудің исламға қайшы әрекет еместігін тілге тиек етіп,  қажылық сапарына аттанушы азаматтарға да менингитке қарсы екпе алу міндеттелетіндігін жеткізді. Сондай-ақ, «аурудың емін іздегенше, ауырмаудың жолын іздеу» керектігін, тіпті Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  өзі хадистерінде күніге жеті түйір құрма жеу арқылы  кеселден сақтануды кеңес еткендігін жеткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 203 рет
JoomShaper
Top