Лаңкестік топтың мүшесі болған ҚР азаматы Ауғанстаннан экстрадицияланды

Сенбі, 18.03.2017
Лаңкестік топтың мүшесі болған ҚР азаматы Ауғанстаннан экстрадицияланды

Астана. 18 наурыз. E-ISLAM – 5 наурызда ҰҚК қызметкерлері Ауғанстаннан 2011 жылдан бері лаңкестік актілерге дайындалған және террористік актілеріне қатысы бар күдікті ретінде халықаралық іздеуде болған ҚР азаматы Дамир Зналиев елге жеткізілді.

Зналиевтің Ауғанстандағы Сари-Пуль елді мекенінде ағымдағы жылдың 21 қаңтарында қамалуы және оның Қазақстанға қайтарылуы ҰҚК-нің Ауғанстанның Ұлттық Қауіпсіздік Бас Басқармасымен бірлесе жүзеге асырған жұмысының нәтижесі болып табылады, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.  

Зналиев тергеу изоляторына отырғызылып, тиісті процессуалдық шаралар жүргізілуде.

Қылмыстық істің материалдарына сәйкес Зналиев радикалды діни көзқарастардың ықпалымен 2011 жылы ауған-пәкістан шекаралас аймақтарына шыққан.

Сол кезден «Джунд аль-Халифат» террористік ұйымының қалыптасуына белсенді қатысқан.  Аталған террористік топ бірқатар мемлекеттерде орын алған лаңкестік актілеріне жауапты, оның ішінде 2011 жылғы қазанда Атырау қаласындағы жанкештілер жасаған 2 жарылысқа да қатысты. Зналиев аталған акцияларды бастаушылардың бірі болып табылады.

Оқылды 2007 рет
JoomShaper
Top