БҰҰ Мосулдағы босқындарға алаңдаулы

Сенбі, 18.03.2017
БҰҰ Мосулдағы босқындарға алаңдаулы

Астана. 18 наурыз. E-ISLAM – Ирактың Мосул қаласының батыс бөлігінен қашқан босқындарды қабылдауға Біріккен ұлттар ұйымының шамасы жетпеуі мүмкін. Бұл туралы халықаралық ұйымның өкілі Лиз Гранде мәлімдеді, деп жазады Хабар 24.

Себебі ақпанда шаһардың бұл бөлігінде 800 мың тұрғын болған. Әскер содырларға қарсы шабуыл бастаған соң оны 120 мың адам тастап шығып, қалғаны қоршауда қалып қойған. Сондықтан ұйым енді одан күн сайын 50 мың тұрғын бас сауғаласа, агенттіктер жеткілікті дәрежеде көмек көрсете алмай қалуы мүмкін деп алаңдап отыр. Бірақ қазір мұндағы ұйымдар азық-түлік қорларын жайлап, босқындарды қабылдауға дайындалып жатыр. Ал әскерилер қаланы бір айдың көлемінде толық азат етеміз деп отыр.

«ДАИШ лаңкестерімен қиян-кескі шайқас жүріп жатыр. Қазір әскерилер Мосулдың батыс бөлігіндегі көп аудандарды содырлардан азат етті. Бірақ ондағы отбасылар азық-түлік, ауызсу және басқа да гуманитарлық көмекке зәру», дейді Ирак федералды полициясының генералы Салем Абдельради.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 129 рет
JoomShaper
Top