Науан Хазіреттің мұрасы туралы монография жарық көрді

Жұма, 17.03.2017
Науан Хазіреттің мұрасы туралы монография жарық көрді

Астана. 17 наурыз. E-ISLAM – Жас ғалым Жанаков Берикбол Мергенбайұлының «Қазақстандағы ислам мәдениеті: Наурыз-Мұxаммед Таласұлының мұрасы» атты жаға монографиялық кітабы жарық көрді.

Моногорафияда Науан Хазіреттің өмірі мен атқарған мысалында Қазақстандағы XIX екінші жартысы мен XX ғасырдың басындағы қоғамдық-саяси өмірдегі исламның рөліне кешенді талдау жасалды.

Еңбектің алғашқы тарауында патшалық билік тұсындағы қоғам өміріндегі діннің рөлі мен Науан Хазіретке қатысты орын алған демонизациялау (күйе жағу) фактісі қарастырылған. Соған орай Хазіреттің қысымнан аман қалу стратегиясының қалай жүзеге асырылғаны туралы мәлімет беріледі. Сондай-ақ қазіргі тәуелсіздік кезеңіндегі Науан Хазіреттің тұлғалық келбетін ақтап шығару әдіс-тәсілдері қандай деңгейде орындалып жатқандығына талдау жүргізілген.

«Патшалық билік тұсындағы қоғам өміріндегі дін: саяси аспектілер», «Қоғамдық-саяси өмірдегі Науан Хазіреттін ролі», «Қазақстанда азаттық үшін жүргізілген күрес нәтижелері: кешегі мен бүгіні» деген үш бөлімнен тұратын монография исламтану, дінтану, әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану және тарих саласындағы барлық ғылыми ізденушілерге арналаған.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 309 рет
JoomShaper
Top