«Тазалық – иманның жартысы»

Жұма, 17.03.2017
«Тазалық – иманның жартысы»

Астана. 17 наурыз. E-ISLAM – Ақтөбе қалалық орталық мешітінің қызметкерлері жуырда «Тазалық – иманның жартысы» атты ұранмен жақсы бастама көтерді.

Ізгілердің игі амалын жаңғыртып, өзге үзеңгілестеріне үлгі бола білген жастар Алланың үйінде тазалық сақтауға үлес қосып, дәретхананы тазалады. ҚМДБ-ның жастар ісі бөлімінің Ақтөбе қалалық орталық мешітіндегі өкілі Нурллин Райымбек мешіт шәкірттерінің басын қосып, осындай жақсы іске жұмылдырды.

P.S. Расымен де, ізгілерден қалған амалдардың бірі – олардың дәретхана тазалап, бойдағы тәкаппарлықты өлтіруі еді. Осынау жақсы үрдіс оған амал етіп, Алланың сауабынан шын үміт еткен жастарды кішіпейілділікке үйретіп, тәкаппарлық сынды жағымсыз қасиеттерден жирендіргендей болды. Сондай-ақ, олардың тақуалықтарын арттырып, жамағатты татулыққа тәрбиеледі.

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Оқылды 97 рет
JoomShaper
Top