Алланың 99 көркем есімін жатқа айтудан жарыс өтті

Жұма, 17.03.2017
Алланың 99 көркем есімін жатқа айтудан жарыс өтті

Астана. 17 наурыз. E-ISLAM – Маңғыстау облыстық орталық мешіті сауат ашу курстарында білімін жетілдіріп жүрген шәкірттер Алланың 99 көркем есімін жатқа айтудан өзара сынға түсті. Орталық мешіттің наиб имамы Қажымұқан Елжанов ұйымдастырған жарысқа мешіттің ұстаздары қазылық жасады.

Аталған шараға шәкірттер арасынан оқ бойы озық шыққан бес қатысушы білімдерін сынады. Шәкірттер Алла Тағаланың 99 көркем есімдерін мүдірмей жатқа айтып әрі мағынасын айтып шықты. Үш кезеңнен тұратын бұл жарыста Ирсалиев Арғын есімді шәкірт сыннан мүдірмей өтіп, жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, өзге қатысушылар да мешіт тарапынан дайындалған арнайы сыйлықтармен марапатталды. Мұндай игі шара алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Құранда Алла Тағала: «Ең жақсы атаулар Аллаға тән. Оған сол аттармен жалбарыныңдар» (Ағраф сүресі, 180-аят) десе, хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Алланың тоқсан тоғыз есімі бар. Кім оларды жаттап алса жәннатқа кіреді» , деген (Тирмизи, Әбу Дәуід).

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 213 рет

Қажылық анықтамалығы

JoomShaper
Top