АҚШ Мосулда қалған террористерге уәде берді

Сейсенбі, 14.03.2017
АҚШ Мосулда қалған террористерге уәде берді

Астана. 14 наурыз. E-ISLAM – АҚШ президентінің ДАИШ-қа қарсы күрес бойынша арнаулы өкілі Бретт Макгерк халықаралық коалиция Мосул қаласында қалған террористердің көзін жойылатынын мәлімдеді, деп жазады BBC News.

«Мосулда қалған әрбір террорист өлім құшады, себебі олар қақпанда, шығар жол жоқ. Біз олардың көзін жоямыз, шығып кетуге мүмкіндік бермейміз» деп атап өтті Макгерк. Оның айтуынша, күштік құрылымдар қаладан шығар соңғы жолға да бақылау орнатып қойған. Сонымен қатар, АҚШ жетекшілігіндегі халықаралық коалиция әскері Мосулдың батыс аймағына толық бақылау жүргізіп отыр. 

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 357 рет
JoomShaper
Top