Зерттеу: Ашығу – дертке дауа

Сәрсенбі, 20.12.2017
Зерттеу: Ашығу – дертке дауа

Ұлыбританияда Ньюкасл университетінің ғалымдары төмен каллориялы диетаның (ашығудың шипасы) екінші деңгейлі диабетті (инсуллинге тәуелді диабет) емдеуге ықпал ететінін анықтады.

Science Alert ақпарат көзінің хабарлауынша, бұл ғылыми жаңалықты мамандар  The Lancet журналында жариялған.

Зерттеу тәжірибесіне алты жылдан бері диабетпен ауырған 20-65 жастағы 300 адам қатысқан. Ғалымдар 3-5 ай бойы 149 адамды төмен каллориялы коктейль және көже-қатықпен тамақтандырған.

Зерттеуге қатысқандар күніне 825-853 каллориядан аспайтын тағамдарды тұтынып отырған. Осының нәтижесінде зерттеуге қатысып, 15 килограмм салмақ тастаған адамдардың 90 пайызы диабеттен жазылып шыққаны анықталды.

Сондай-ақ, 10-15 килограмм салмақ тастаған адамдардың 57 пайызы және 5-10 килограмм салмақ түсірген 34 пайыз адам диабет ауруынан айыққан. Бақылау тобындағы емделушілердің тек 4 пайызында ғана ремиссия байқалған.

Kazislam.kz

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 563 рет
JoomShaper
Top