Жаңалықтар

Шалқар ауданының діни ахуалы анықталды

Дәстүрлі емес дін жолын таңдаушылармен жекелеген кездесулер өткізіледі. Бүгінде оның нәтижесі де бар. Соңғы жарты жыл ішінде аймақтағы имамдар, дін мамандары мен теологтардың араласуымен теріс ағымға ерген 18 адам райынан қайтқан. Аймақ әкімі Бауыржан Қаниев баспасөз конференциясында осы жөнінде баяндама жасады.  

Сонымен қатар, аудандағы маңызды мәселелердің бірі Шалқар теңізінің тартылуы болып отыр. Теңізді қайта қалпына келтіруге шамамен 5 миллиард теңге керек. Теңіздің тағдырын республикалық деңгейде шешу қажет етіледі және облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың жеке бақылауына алынған.

Қаниевтің айтуынша, жалпы алғанда Шалқар ауданының әлеуметтік-экономикалық ахуалы тұрақты. Өңірде жер игеру, мал шаруашылығы және кәсіпкерлік қарқынды дамып келеді. Жер телімдерін жеке тұрғын үй құрылысына беру ісі де жүзеге асырылуда. Жыл соңына дейін 1 200 тұрғынды он соттық жер телімдерімен қамтамасыз ету жоспарға алынған. 

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Мынаны оқыдыңыз ба?

Close
Close