Ғибратты әңгімелер

Үш амал қияметте таразыға тартылмайды

1. Кешірім

Мұндай кісінің сауабында шек жоқ. Себебі, оның сыйын Алла Тағала Өзі беретіндігін мына аятта баяндайды: «Кімде-кім кешірім етіп, аралары жарасса, онда оның сыйлығы Аллаға тән» (Шура — 40).

2. Сабыр

Мұндай кісінің де сауабында шек жоқ. Себебі, оның сыйын Алла Тағала есепсіз беретіндігін былай баяндайды: «Шын мәнінде сабыр етушілердің сыйлары есепсіз беріледі» (Зумар — 10).

3. Ораза

Мұндай ораза ұстаған адамның да сауабында шек жоқ. Себебі, оның сыйын Алла Тағала құдси хадисте есепсіз беретіндігін былай баяндайды: «Ораза  Мен үшін (ұсталады) және оның сауабын Өзім беремін».

Жалғас АСХАТҰЛЫ 

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close