Хазірет Мұғауия (р.а.) одан «Өмірді қалай өткіздіңіз?» деп сұрайды. Қария: «Бір жылдары ашаршылық көрсең, енді бір жылдары молшылық көресің. Күнді күн, түнді түн қуалап өте береді екен. Біреулер туылып жатса, енді біреулер өліп жатыр. Ешкім туылмаса, адамзат құрып кетер еді. Ал ешкім өлмесе, дүниеге адамдар сыймас еді» дейді.
Мұғауия (р.а.): «Менен не тілейсіз, айтыңыз?» дегенде, қария: «Өткен өмірді қайтаруға, я жақындаған ажалдан алып қалуға күшің жете ме немене?» дейді. Мұғауия (р.а.) «Оған күшім жетпейді, әрине» деп күмілжігенде, қария «Ендеше, сенен не сұрамақпын?!» деген еді.
Қ.Сабыржанұлы