Жаңалықтар

Санкт-Петербургте Осман бин Аффанның қанына малынған Құран экземпляры ұсынылды

АСТАНА. 1 МАУСЫМ. KAZISLAM — Санкт-Петербургте Мұхаммед пайғамбардың үшінші әділ халифасы Усман ибн Аффанның қаны бар Құранның ең көне қолжазбасы ұсынылды.

Көрме Ресей ғылым академиясының шығыс қолжазбалар институтында сирек кездесетін экспозициялар қатарына қойылды.

Іс-шара «Өзбекстанның мәдени мұрасы — халықтар мен елдер арасындағы байланыс жолы» екінші халықаралық конгресі аясында өтіп жатыр.

Сонымен қатар, көрмеге келушілер Әлемдік бас қолжазбалардың бірі — Диван Хуссейн Байкало, Әл-Берунидің «Өткен ұрпақтардың ескерткіштері» атты еңбектерін, Әлішер Навоидің өмірлік шығармалары, Агахи, Бисади Самарканди, Бедил, Хафиз Ширази және басқа авторлардың өлеңдерінің түпнұсқаларын тамашалай алады.

Естеріңізге сала кетейік, Осман өлімі жақындағанда Құран оқыды. Оның басына тиген соққыдан қан ағып, Құран беттеріне тиеді.

Басқа жаңалықтар

Пікір жазу

Close