Рамазан – қайырымдылық айы

Сенбі, 13.05.2017
Рамазан – қайырымдылық айы

Садақа мұқтажға қаржылай көмек беруден әлде қайда ұғымы терең құлшылық. Садақа иманның таразысы. Адам баласының туа біткен болмысы дүниені ерекше жақсы көреді. Адам бергеннен гөрі алғанды жақсы көреді. Жаратылысы сондай. Сондықтан, нәпсісін жеңіп садақа ете білген адам иманының мықтылығын көрсетеді.

Бұған Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «...Садақа – айғақ»,-деген сөзі дәлел. Әрине, кез келген садақа емес. Көзбояушылық пен атақ құмарлық ниетінсіз, шынайы Алла разылығы үшін берілген садақа ғана иманның айғағы. Хақ Тағала: «Олардың дүние-мүліктерінде сұраушыға және түгі жоқ мұқтаждарға үлес бар[1]»,-деп ізгі құлдарының айрықша қасиетін айтуда. Сонымен бірге, пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Мүриктермен мал-дүниелеріңмен, жандарыңмен және тілдеріңмен күресіңдер[2]»,-деп қайырымдылыққа үндеген. Әрине, мұқтажға әркім көмек бергісі келеді. Бірақ, сауаптан бұрын күн көріс маңызды боп тұрады. Қала берсе, басқа жолмен де сауап жасауға болады деген оймен қаражаты қалтасында қалады. Алайда, қайырымдылық жасаушыға ізгі амалының қайтымы ретінде берілетін сыбаға жайлы: «...Сендер не жұмсасаңдар да Ол оның орнын қайта толтырады...[3]»,-деп уәде беруде. Бұл Құранның уәдесі. Адамның берген нәпақасы мен Алла Тағаланың берген ризық-несібесін салыстыруға бола ма? Жаратушы Ие беретін болса берекетті де ұзағынан береді. Қайырымдылықтың қайтымы он есе болады. Он теңге жүз теңге боп қайтады. Әрі қайырымдылық жасап сауап аласыз, әрі ақшаңыз еселенің алақаныңызқа қайта келеді. Бұған қоса мұқтаждың батасын аласың. Ал, мұқтаж адамның батасы хадисте: «Алла Тағалаға ең ұнамды амалдардың бірі мұсылманның жүрегіне кіргізетін қуаныш, уайым-қайғысын сейілту немесе оның қарызын өтеу немесе қарнын тойдыру[4]»,-деген.

 

 [1] Зарият сүресі, 19-аят

[2] Әбу Дауд

[3] Сәба сүресі, 39-аят

[4] Байһақи

 

Kazislam.kz

Оқылды 213 рет
JoomShaper
Top