Садақа және шайтани қорқыныш

Сенбі, 13.05.2017
Садақа және шайтани қорқыныш

Құдси хадисте:

يا ابن آدم! أَنفقْ أُنفقْ عليك

«Ей, адам баласы! (садақа жаса, қайырымдылық етіп) жұмса, саған да беріледі[1]»,-деген Алла Тағаланың уағдасы бар.

Расында, бұл адамдарды жақсылық жасауға ынталандыратын Хақтың уәдесі. Әдетте, адам маңдай терімен тапқан ақшаға өзі әлде қайда мұқтаждай сезінеді. Мал-дәулетті көбейтудің бірден-бір жолы ешкімге бермей тірнектеп жинау деп түсінетін адам қаншама. Әсілі, мал-дүниенің берекетін кіргізетін, ризыққа молшылық әкелетін әдіс – мұқтажбен бөлісу. Екі дүние сұлтаны: 

إنما الدنيا لأربعة نفر: عبد رزقه الله مالاً وعلماً فهو يتقي فيه ربه، ويصل فيه رحمه، ويعلم لله فيه حقاً فهذا بأفضل المنازل

«Анығында, мына дүние төрт адамға беріледі: Алла Тағала мал-дәулетті те, білімді де берген пенде. Ол мал-дүниесін жұмсауда тақуалық танытады. Туған-туысымен қарым-қатынасы жасап, Алла жолында мал-дүниесінен бір ақы барын да біледі. Міне, бұл мал-дүние берілген төртеудің ең жақсысы...[2]»,-деп түсіндіреді. Адам бойындағы кедейліктен қорқу, жоқшылықтан үрйленудің төркінін Құран Кәрімде:

الشيطان يعدكم الفقر ويأمركم بالفحشاء والله يعدكم مغفرة منه وفضلاً والله واسع عليم

«Шайтан сендерге кедейлікті уәде етеді және жиіркенішті істерді бұйырады. Ал, Алла сендерге Өзінің кешірімі мен кеңшілігін уәде етеді. Ақиқатында, Алла – мейірімі Кең, бәрін Білуші[3]»,-деп шайтан адамды кедейлік, жоқшылықпен қорқытып, сараңдық пен бақылдықты көзіне дұрыс шешім етіп көрсетеді екен. Қайырымды болайық, шама-шарқында ағайын-туыс пен көрші-қолаңға көмектесіп тұрайық.

 

 

[1] Муслим

[2] Тирмизи

[3] Бақара сүресі, 268-аят

 

Kazislam.kz

Оқылды 268 рет
JoomShaper
Top