Басты тақырыпЖаңалықтар

Құранды «өзгерту» туралы ұсыныс көпшіліктің қарсылығын тудырды

Әлемдегі мұсылмандар Францияның Le Parisien газетінде жарияланған манифестке наразылық білдіруде. Бұл туралы «Islam today» хабарлады.
300-ден аса көрнекті саясаткер, қоғам қайраткерлері мен ғалымдар, соның ішінде бұрынғы Франция Президенті Николя Саркози және бұрынғы премьер-министр Мануэл Вальс қол қойған құжатта мұсылмандардың қасиетті кітабы «еврейлердің, мұсылмандыққа сенбейтіндердің өлімін талап етеді» деп жазылған. Манифесттің авторлары бүкіл әлемдегі мұсылман дінбасыларын Құранның осы аяттарын маңызды емес деп санап, оларды қасиетті кітаптан алып тастауға шақырады. «Өйткені ол сөздер мұсылмандардың басқаларға жәбір көрсетуіне түрткі болады» дейді.

Ал, мұсылман дінбасылары, аталмыш топ Құранды дұрыс түсінбеген, Құранның өзі ешбір жағдайда «ескірмейді» деген пікірді алға тартады. Француз имамдары жауап ретінде атап өткендей, Құран түбегейлі теріс идеялар мен терроризмнің таралуына қарсы күресуге көмектесетін кітап. Ондағы дұрыс исламдық білім негізінде экстремизмге қарсы қорғаныс болып табылады. Мұндай Исламофобтық сипаттағы манифестке жол берілмеу туралы әлемдік көшбасшылар да өз ойын білдіруде, соның ішінде Түрік Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған.

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close