Абайдың діни сенімі қай бағытта болған?

Бейсенбі, 27.07.2017
Абайдың діни сенімі қай бағытта болған?

Сіз өте маңызды сұрақ қойдыңыз, оған Абайдың қара сөзімен жауап берейін. Абай былай дейді: «…Белгілі, Құдай тағала ешбір нәрсені хикметсіз жаратпады, ешбір нәрсені хикметсіз тәклиф (міндеттеу) қылмады. Бәрінің хикметі бар, бәрінің себебі бар, біздің ғауам (халайық) былай тұрсын, ғылымға махаббаты барларға себеп, парыздарды білмекке ижтиһат ләзім».

Абай бұл сөзді Құранға сүйеніп айтып тұрғанында шүбә жоқ. Өйткені, Құранда Алла тағала: «Жын мен адамзатты өзіме құлшылық қылулары үшін ғана жараттым» («Зәрият» сүресі, 56-аят), – деп әмір еткен. Расында, адамзаттың жаратылу мақсаты – Раббысын тану, Оған құлшылық ету. Яғни, Абай сан ғасырлар бойы ата – бабамыз ұстанып келе жатқан Ислам дініндегі төрт мәзһабтың бірі Ханафилік жолдың негізін қалаған Әбу Ханифа имам Ағзам жолында болған.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
JoomShaper
Top