«Һибатулла Тарази»

Жұма, 19.02.2016

Облыстық  орталық «Һибатулла Тарази»  мешіт 2007 жылы  елбасы Н.Назарбаевтың   Жамбыл облысына келген сапары кезінде салтанатты түрде ашқан болатын. 2011 жылы 27 шілдеде қасиетті Рамазан айының алдында Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев қайта жаңарған мешітті салтанатты түрде ашты.

Мешіт үйіне күрделі жөндеу жүргізген «Құлагер» компаниясы. Мешіт ғимаратын мәрмәр таспен қаптаған. Мешіт облыс  орталығы, 2000 жыл тарихы бар Тараз қаласының орталық көшелерінің бірі -  Төле  би даңғылының бойында орналасқан. Қайта жаңарған орталық мешітте ұлтымыздың барлық ою-өрнектері қолданылған. Бүгінде орталық мешіт  қалаға көрік беретін әдемі архитектуралық нысанға айналып отыр. Мешіттің күмбезі үлкейтілген. Сырты мен мұнарасы шығыс үлгісінде әрленген.  Мешіт ауласы  әсем гүлдермен көмкерілген.

«Казфосфат», «SAT компани», «Нұрай», «Южкамторг» және «Арсикостройсервис» компаниялары қаржылай қолдау білдірген. Тарихи деректерге қарағанда Қазақстандағы ең алғашқы мешіттердің бірі осыдан мың жылдан астам уақыт бұрын біздің Таразда салынған.

«Һибатулла Тарази» мешіті ислам дінін одан әрі нығайтуға және жастарды имандылық пен адамгершілік қасиетке тәрбиелеуге қызмет етеді. 2011 жылы мешіт жанындағы медресе демеушілер көмегімен пайдалануға берілді.  Медресе  діни сауатты,  жоғары парасатты, ел ішінде беделі зор имамдар дәріс береді.

Оқылды 993 рет
JoomShaper
Top