Алматы орталық мешіті

Сәрсенбі, 14.05.2014
Алматы орталық мешіті

Алматы орталық мешіті, 1999 ж. ашылды. Бұл мешіт порталды-күмбезді әрі мұнаралы құрылыс үлгісіне жатады. Алдыңғы жағы әсем безендірілген аралы портал, төрт бұрышында төрт мұнара, қырлы және дөңгелек қос барабан үстінен шығарылған көгілдір түсті үлкен күмбез және порталдың оң жағында азан шақыратын дербес биік мұнарасы бар. Мешіт ғимаратының қасбеті, күмбездің дөңгелек барабан белдеуі, ішкі көріністері ұлттық ою-өрнектермен және арабша жазу-нақыштармен безендірілген. Онда бір мезгілде 2200 адам намаз оқи алады. Мешіттің негізгі залында шамшырақ шамның салмағы 2 тонна, диаметрі - 7 м.

 

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 3680 рет
JoomShaper
Top