Әлгі кісі:
– Рас, айтам, мінезі шатақ, – деп сөзінен қайтар болмады.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оған:
– Сені бауырына салып екі жыл емізгенде мінезі шатақ болмаған шығар? – деді.
Шағымданушы тағы да анасын жамандауды жалғастыра берді.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):
– Сен үшін қанша түнді ұйқысыз өткізгенде мінезі жаман болмаған шығар? – деді.
Әлгі кісі оның сауалынан кейін:
– Мен оның борышын әлдеқашан өтегем, – деп қабағын кіржитті. Таңырқаған Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Анаңның ақысын қалай өтедің?» деп сұрағанда, әлгі бейбақ «Арқама салып қажылығын жасаттым» деді.
Сонда Ақиық елші (с.ғ.с.): «Сен оның бір толғағын да өтей алмапсың» деген еді.
Құдайберді БАҒАШАР