Ғибратты әңгімелер

Пайғамбар және жүзім

Күндердің күнінде ардақты Мұхаммед (с.а.у.) Пайғамбарға бір кедей мұсылман келіп, қолындағы ыдыс тола жүзімді ұсынады. Пайғамбар (с.а.у.) жүзімнің барлығын алып жей бастайды. Әр жүзімді үзіп жеген сайын пайғамбар (с.а.у.) күлімсірейді. Оны көрген әлгі кедей кісі қуанышын жасыра алмай күле береді. Алайда, жанында отырған сахабалар пайғамбардың (с.а.у.) жүзімді бөліспегеніне таң қалады. Содан жүзім таусылып, әлгі кісі қуанған күйінде кері үйіне қайтады. Сол уақытта сахабалар:

-Уа, Алланың елшісі (с.а.у.), сіз неге жүзімді бізбен бөліспедіңіз? Әдетте, қолыңызға не түссе сонымен бөлісетін едіңіз ғой?-дейді таңдана. Сонда Пайғамбар (с.а.у.) сахабаларына қарап:

-Сендер әлгінің жүзіндегі қуанышты байқадыңдар ма? Мен алғашқыда жүзімді жегенімде қатты қышқыл болды. Сол уақытта мен егер сендермен бөліссем араларыңда біреуің жемістің қышқылдығын айтып, оның қуанышын сейілтіп қоя ма деп қорқып, сендермен бөліспедім,-деген еді.

Жалғас АСХАТҰЛЫ,

дінтанушы

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Мынаны оқыдыңыз ба?

Close
Close