Басты жаңалықтар

Наиб мүфти Иран өкілімен кездестіі (ФОТО)

Кездесуде Қазақстан мен Ирак елі арасындағы рухани-мәдени байланыс жөнінде бірқатар маңызды әңгімелер айтылды. Иран өкілі Асғар Сабери жыл сайын халықаралық деңгейде өткізілетін Құран көрмесіне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының белсенді түрде атсалысып отырғанына ризашылығын білдіріп, алғысын айтты. «Қазақстан мен Иран арасында ынтымақтастықты арттыратын ортақ құндылықтар көп», – деді ол.

Ресми кездесуде Наурызбай қажы Өтпенов мұсылмандардың ауызбіршілігін арттыру қажеттігін қозғады. «Біздің Елбасы Иранға бірнеше рет сапармен барды. Осыған дейін рухани салада сіздің елде бірқатар кездесулер мен конференциялар ұйымдастырылды. Бұл басқосулар мұсылман үмбетінің бірлігін нығайтуға септігін тигізді. Иранда тұрып жатқан қандас қазақ бауырларымыз да бар. Оларға қажетті әлеуметтік-рухани қолдау көрсетіліп келе жатқанына қуаныштымыз», – деді кездесуде наиб мүфти Н.Тағанұлы.  


Show More

Басқа жаңалықтар

Close