Жаңалықтар

Мәртөктегі мешіт құрылысы: Ғимарат төбесі жабылды

АСТАНА. 2 МАУСЫМ. KAZISLAM — Мәртөк аудандық орталық мешітінің құрылысы әлі де жалғасуда. Мешіттің жаңа ғимараты 2 қабаттан тұрады. Бүгінде оның қабырғалары қаланып, қасиетті айда төбесі толық жабылды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы өкіл имамның ұйытқы болуымен «Нұр Ғасыр» мешітінің алқа мүшелері Бекбол Абдуллин және Әділ Құрманаев мешіт құрылысына 2 млн теңге көлемінде қаржылай көмек көрсеткен болатын.

Сонымен қатар, Мәртөк аудандық мешіт жамағатының жәрдемімен мешіт ауласына жазғы алаң жасалуда. Алаң жазғы мезгілде ғибадатқа, ауызашар дастархандарын, дәм басындағы сұхбаттар ұйымдастыруға арналған.

Құрылыс жұмыстарына әлі де қолдау-көмектеріңіз қажет. Алла үйінің кірпішін қалауға атсалысамын деуші азаматтар мына есепшотқа аударым жасай алады:

«ҚР ардагерлері ұйымы» Қоғамдық қорының Мәртөк аудандық филиалы, БИН 990941012481

БИК KPSTKZKA

KZ 79563D350000064858

КБЕ 16

Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің

баспасөз қызметі

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Мынаны оқыдыңыз ба?

Close
Close