Ғибратты әңгімелер

Мұхаммед (с.ғ.с.) не үшін жіберілді?

Сол сәтте бір топ сахаба пайғамбарға (с.ғ.с.) жүгіріп келіп:

— Ей, Алланың елшісі (с.ғ.с.), мұсылмандар үшін дұға ет. Алла Тағала біздерге көмек жіберіп мына Сақиф тайпасын жермен жексен етейік, — деді. Сонда пайғамбар (с.ғ.с.) қолын көкке көтерді. Мұны көрген сахабалар өзара:

— Мінекей, Сақиф тайпасының да уақыты жетті. Біз қазір оларды жеңеміз, — деп күбірлеп жатты. Кенет пайғамбар (с.ғ.с.) былай деп дұға етті:

— Ей, Раббым, Сақиф тайпасына тура жол көрсете гөр!

Мұндай дұғаны күтпеген сахабалар таң қалды. Дұға етіп болып Алла Елшісі (с.ғ.с.) сахабаларға қарап:

— Мен ешбір адамға қарғыс не лағнет айту үшін жіберілген елші емеспін. Расында, мені Алла Тағала жаратылысқа рахым етіп жіберді, — деген еді.

Жалғас АСХАТҰЛЫ

Show More

Басқа жаңалықтар

Мынаны оқыдыңыз ба?

Close
Close