Новости

Lonely Planet: Азияның саяхаттауға лайық жерлері

Астана. 11 шілде. KAZISLAM – Әлемдегі беделді туристік ресурстың бірі саналатын Lonely Planet басылымы «Азиядағы саяхаттауға қолайлы ең әдемі жерлер» рейтингін жариялады.

Рейтингтің бірінші орнына Оңтүстік Корея елінің Пусан қаласы шықты. Екінші орынды туристік бағыттағы алпауыт – Вьетнам, Жапония, Таиланд, Непал, Шри-Ланка, Қытай мен Инднонезия секілді елдерді артқа қалдырып, Өзбекстан алды.

Басылым мәліметінше, орталық-азияда орналасқан Өзбекстан республикасы «өзінің ерекше мозайкалық мешіттері мен Жібек Жолы бойындағы аңызды мекендерімен» саяхатшылар үшін қызықты болып отыр.

Мақала авторлары 2017 жылы Өзбекстан туризм саласында үлкен табыстарға жеткенін жазады. Республика бұл табыстарға жету үшін визасыз режим бойынша бірқатар жұмыстар жүргізіп, жаңа әуе бағыттарын ашып, жоғары жылдамдықты теміржол желілерін кеңейтті.

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close