Жаңалықтар

ҰҚК экстремизмге қарсы күрестегі кемшін тұстарды көрсетті

Ведомство сайтында жарияланған ҚР 2017-2020 жылдарға арналған діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес бағдарламасы жобасында бұл саладағы кемшін тұс ретінде радикалды идеология ұстанушыларының көбеюі, оның ішінде қоғамда зорлық-зомбылық, бүлік салуға бейім азаматтардың артуы атап көрсетілген.

Бағдарлама авторларының айтуынша, келесі мәселе ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тиімділігінің жеткілізсіздігі, экстремистік және террористік мазмұндағы материалдардың таралуына қарсы жүйелі жұмыстың болмауы, оларға қарсы насихат жұмыстарының сапасыз жүргізілуіне байланысты.

Сонымен қатар, құқыққорғау органдарының заманауи техникалық жабдықтармен, қару-жарақ және терроризмге қарсы күреске қажетті құралдармен жеткілікті қамтылмауы да осы саладағы жұмыстарды ақсатып тұрғаны баяндалған.

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close