«Қиямет күні біршама адам Тахаманың үлкендігіндей сауап арқалап келеді. Бірақ олардың амалдарын Алла тағала қабылдамайды».
Бұны естігенде бойын үрей билеген Сәлім Хұзафа (р.а.):
– Уа, Алланың құрметті елшісі, әке-шешем жолыңа құрбан болсын. Олардың қандай адамдар екенін айтпас па екенсіз? Аңдаусызда солардан бірі мен болып қалмайын деп қатты қорқып тұрмын, – деді.
Сонда Пайғамбарымыз оған:
– Әй, Сәлім, олар ел қатарлы ораза ұстайды, намаз да оқиды. Алайда, бір дүниеге тап келе қалса, көзі тұнып бас салады. Міне, Алла тағала осындайлардың амалын қабылдамайды, – деді.
Құдайберді БАҒАШАР