Жаңалықтар

Жаңа ислам университетінің құрылысы басталды

АСТАНА. 1 МАУСЫМ. KAZISLAM — Тәжікстан астанасында Ислам институтының құрылысы басталды. Душанбедегі алғашқы мұсылман университетінің құрылу туралы шешімді Республика Президенті Эмомали Рахмон қабылдады.

«Тәжікстан Ислам институты бір ауысымда 1500 оқушыны оқытуға арналған. Ғимаратқа Үкімет қаражаты есебінен 3 гектар аумақ, 15 миллион доллар бөлді» — деді Тәжікстан басшысының баспасөз қызметі.

Жобаға сәйкес оқу корпусының негізгі ғимараты жеті қабатты бес блоктан тұрады. Олардың үшеуінде білім беру және әкімшілік құрылымдар орналастырылады. Жатақханаларға арналған тағы екі блок бар.

Институттың жеке кітапханасы, конференц-залы, спорт алаңы, фонтандар бар алаңы, автотұрақ және басқа қажетті инфрақұрылым объектілері болады.

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close