Ғибратты әңгімелер

Жануарды жарылқасаң, сауап бар

«Сапарға шыққан бір жолаушы қатты шөлдеп, ауызы кеуіп кетіпті. Жапан далада су іздеген ол, бағына орай құдық табуыпты. Құдықтың ішіне түсіп, шөлін қандырып жоғарыға қайта шықса тілі салақтап, шөл қысып тұрған итті көреді. Оның қатты шөлдегені сонша ығал топырақты жалап жатыр екен. Әлгі адам: «Мына сорлы, әлгінде шөлден қысылған мен сияқты әбден сусаған екен ғой» деп, құдыққа қайта түседі. Сөйтеп, кебісіне су толтырып, оны ауызымен тістеп жоғары өрмелеп шығып, әлгі итке сү береді. Алла оған осы амалы үшін алғыс ретінде, оның барлық күналарын кешіріп жібереді» дейді. Сонда сахабалар: «Уа, Алланың елшісі! Сонда бізге жануарлар үшін де сауап жазылады ма?» деп сұрайды. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Әрбір тіршілік иесі үшін сауап бар» деп жауап берген екен.   (Әбу Һурайраның (р.а.) риуаяты). 

 

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ,

дінтанушы

 

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close