Құрбандыққа еркек мал шалған сауапты ма әлде ұрғашы мал дұрыс па?

Сәрсенбі, 30.08.2017
Құрбандыққа еркек мал шалған сауапты ма әлде ұрғашы мал дұрыс па?

Құрбандыққа еркек мал шалған сауаптырақ па әлде ұрғашы мал дұрыс па?

Фиқһ кітаптарында қой мен еш­кі­нің ер­ке­гін, сиыр­дың ұр­ға­шы­сын құрбандыққа ша­лудың аб­зал екендігі айтылады. Негізінен қой, ешкі секілді ұсақ, түйе, сиыр секілді ірі-қара малдардың ұрғашысы болсын, еркегі болсын хадистерда аталған кемшіліктері кездеспесе, құрбандыққа шалуға жарамды. Құрбандыққа шалынатын малдың еркек-ұрғашы болуы оның абзалдығына өлшем емес. Алайда сиырдың ұрғашысын шалудың абзал екенін айтқан фиқһ ғалымдары бар.

Негізінен ол көзқарасты сол фиқһ ғалымдары өмір сүрген уақыт пен ортасына қарай бағамдау қажет. Неге десеңіз, ғалымдар тұрмысы егіншілікке негізделген қоғамда сиырдың еркегінің күш-қуатының көбірек қолданылуын ескере отырып, осындай көзқарас айтқан болуы кәдік. Алайда бұл діннің өзгермейтін өлшемдерінің қатарына жатпайды. Бұл – қоғамның пайдасын негізге ала отырып айтылған көзқарас.

Алау ӘДІЛБАЕВ,

исламтанушы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 451 рет
JoomShaper
Top