Құрбандыққа сойылған мал буаз болса, не істеу керек?

Сәрсенбі, 30.08.2017
Құрбандыққа сойылған мал буаз болса, не істеу керек?

Құрбандыққа сойылған мал буаз болса, не істеу керек?

Малдың буаз екенін біле тұра құрбандыққа шалу құпталмайтын іс болып табылады. Алайда буаз екенін білмей құрбандыққа шалып қойса, құрбандығы дұрыс болып саналады.

Қайтадан орнына басқа мал шалудың қажеті жоқ. Ішінен шыққан төлі тірі шықса, оны да сойып етін жеуге болады. Ал құрбандық мал, құрбандыққа шалынбай тұрып төлдесе, онда төлі де құрбандыққа шалынады. Ал егер төлі құрбандыққа шалынбай, сатылатын болса, ақшасы садақа ретінде беріледі.

Буаз мал бауыздалғанда ішінен төлі өлі болып шығып, енесі бауыздалғаннан кейін өлді деп қабылданса, көпшілік ғалымдардың көзқарасы бойынша еті желінеді. Себебі анасының бауыздалуы оның да бауыздалуы болып есептеледі. Бірақ Имам Әбу Ханифа мұндай төлдің етін жеуге болмайды деген. Ал егер төл енесінің бауыздалуынан бұрын өлгені белгілі болса, мұндай төлдің етін жеуге мүлдем болмайды.

Алау ӘДІЛБАЕВ,

исламтанушы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 574 рет
JoomShaper
Top