Жағдайы бар адамның бірден көп құрбандық шалуына болады ма?

Сейсенбі, 29.08.2017
Жағдайы бар адамның бірден көп құрбандық шалуына болады ма?

Жағдайы бар адамның бірден көп құрбандық шалуына болады ма?

Негізінен фиқһ кітаптарында көрсетілген міндеттіліктер ең төменгі мөлшерді білдіреді. Мысалы, жағдайы бар адамның бір қой немесе ешкі, яки жеті адамның бірігіп бір ірі-қара құрбандыққа шалуы секілді. Ал жағдайы бар адамдардың ол мөлшерден артық етіп шалуы – сауапты іс. Сондықтан дәулетті адамдар қайтыс болған туыстарының, жетім-жесірлердің атынан құрбандық шалып, айт күндері кедей-кепшіктер мен мұқтаж жандардың қуанышына себепкер бола алады.   

Алау ӘДІЛБАЕВ,

исламтанушы 

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 423 рет
JoomShaper
Top