Құрбандық шалу кімдерге міндет?

Дүйсенбі, 28.08.2017
Құрбандық шалу кімдерге міндет?

Құрбандықты жағдайы жоқ адамның, жақын туысыңның, марқұм болған кісілердің атынан шалуға болады ма? Жалпы кімге міндеттеледі?

Құрбан шалу жалпыға бірдей міндет емес. Себебі Ислам діні ондай күштеу мен мәжбүрлеуден мүлдем ада. Олай болса, Құрбан шалу – ең бірінші балиғат жасқа толған, дәулеті асып-тасымаса да негізгі қажеттерден тыс, нисап мөлшеріндегі қаржыға ие болған мұсылманға міндет (уәжіп). Нисап мөлшері – 85 грамм алтын немесе осы құнға тең келетін ақшамен есептеледі. Яғни, 85 грамм алтын сатып алуға қаражаты жететін кісілер ғана құрбан шалуы тиіс.

Ендеше тапқаны күнделікті қажеттерінен артылмайтын, сондай-ақ сапарда жүрген кісіге құрбан шалу шарт емес. Айта кетер ең негізгі шарт, Құрбан шалған уақытта міндетті түрде ниет ету керек. Өйткені, құрбандық малы тек қана етін пайдалану үшін емес, ең бастысы ол Құрбандық ғибадаты үшін шалынады. Ал егер, біреу жағдайы жоқ адамның немесе жақын туысының атынан шалып жатса үлкен сауапқа кенелетіні анық. Марқұм болған кісілерге сауабын бағыштап құрбан шалса, артынан міндетті түрде сауабы жетеді.

Ершат ОҢҒАРОВ,

доктор PhD,

исламтанушы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 546 рет
JoomShaper
Top