Құрбандыққа мал союдың уақыты шектеулі ме?

Дүйсенбі, 28.08.2017
Құрбандыққа мал союдың уақыты шектеулі ме?

Көпшілік жаппай айттың бірінші күні құрбандық шалып жатады. Құрбандыққа мал союдың уақыты шектеулі ме?

Шариғатта құрбан шалудың уақыты құрбан айттың бірінші күні айт намазынан кейін басталып, айттың үшінші күні ақшамға аз уақыт қалғанға дейін жалғасады. Осы уақыттың ішінде құрбан шалу – міндет.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) құрбан шалудың уақытын жоғарыдағы аталған Бәрә ибн А’зибтен жеткен хадистің жалғасында: «Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Біздің бұл күнде алғашқы жасайтын ісіміз – намаз оқу, сосын қайтып келіп, құрбанымызды шалу. Кім осылай істесе, біздің сүннетімізге ергені. Ал кімде-кім бұдан бұрын құрбанын шалатын болса, бұл құрбанының отбасына берілген еттен айырмашылығы жоқ. Ол құрбандыққа жатпайды» делінген. Басқа бір хадисте: «Кімде-кім намаздан бұрын құрбанын шалса, қайтадан шалсын» деп, намаздан бұрын шалынған малдың құрбандыққа есептелмейтінін ескертеді.

Ершат ОҢҒАРОВ,

доктор PhD,

исламтанушы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 389 рет
JoomShaper
Top