Құрбандыққа шалуға болатын және болмайтын мал түрлерін атап өтсеңіз?

Дүйсенбі, 28.08.2017
Құрбандыққа шалуға болатын және болмайтын мал түрлерін атап өтсеңіз?

Құрбандыққа шалуға болатын және болмайтын мал түрлерін атап өтсеңіз?

Құрбандыққа қой, ешкі, сиыр және түйе малдары жарайды. Алайда, олардың жасына қатысты белгілі бір өлшем бар. Нақты айтсақ, қой және ешкі кем дегенде бір жасар, сиыр – екі жасар, түйе – бес жасар болуы керек.

Бірақ егер алты-жеті айлық кепе қозы бір жасар қой сияқты семіз, етті болса, құрбандыққа шалуға жарайды. Қой мен ешкінің еркегін, сиырдың ұрғашысын шалған абзал. Ескерте кету керек, елік, арқар сияқты аңдар мен тауық, қаз, үйрек сияқты құстар құрбандыққа жарамайды.

Ершат ОҢҒАРОВ,

доктор PhD,

исламтанушы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 341 рет
JoomShaper
Top