Малик ибн Анас

Сәрсенбі, 18.09.2013
Малик ибн Анас

Егер одан хадис жөнiнде сұраса, онда ол алдымен тазаланып, дәрет алатын, сосын хош иiс себiнiп, жұпарланатын, содан кейiн барып хадистердi айта бастайтын.

Оның толық аты-жөнi Әбу АбдуллаҺ Мәлик Ибн Анас Ибн Малик ибн әбу-Амирәл-Асфахани. Исламдағы ұлық мужтахидтердiң бiрiнен саналатын Малик Ибн Анастың бабасы әбу Амир Пайғамбардың, салла АллаҺу алейҺи уә сәллам, сахабаларының бiрi болған, ол Бадр соғысынан басқа барлық ғазауат жорықтарына қатысқан. Имам Маликтiң атасы табиғиндердiң бiрiнен едi және ол қастандықпен өлтiрiлген Осман халифтiң мүрдесiн түн iшiнде бейтке апарушылардың бiрi болды.
Малик Ибн Анасты басқа да ұлы имамдармен бiрге ғұлама ғалымдар “мужтахидуна мутлақ”, яғни, iлiмде өте биiк дәрежеге жеткен адам деп есептейдi. 

Имам Малик һиджраның 93 жылында (715 ж.) Мәдина қаласында дүниеге келдi. Ол кiшкене күнiнен Ислам iлiмiне бой ұрып, Мәдинадағы хадис iлiмiнiң аса көрнектi бiлгiрi бу Сухейл Нәфиден, фиқҺ саласының ғалымы Рабиа Ибн Абдурахманнан сабақ алды. Содан кейiн имам Малик Абдурахман Ибн Хирмиза әл-Ағраж әл-Хашимидiң үйiрмесiнде 13 жыл өмiрiн бiлiм жинауға сарп еттi. Уақыт өте келе имам Малик Мәдинадағы белгiлi ғалымдардың бiрiне айналды және Мәдинаның имамы болды.

Одан бiлiм үйрену үшiн, фиқҺ және хадис iлiмi салаларында оның iзiн қуу үшiн оған халифаттың әр түкпiрiнен адамдар келiп жататын. 

Имам Маликтiң өзi былай деп айтқан: “Мен өз қолымен 1000000 хадис жазып шықтым”. Ол хадистердi негiзiнен өзiнiң ұстазы, ибн Омардың, ради АллаҺу анҺума, серiгi болған бу Сухейл Ибн Нәфиден, Ибн Шихабтан әз-Зәхирден, бу Зинардан, Абдуррахман ибн Қасымнан, Айша бинт Саад Ибн бу Уаққастан т.б. келтiрiп отырған. Ал одан хадистердi алып келтiрушiлер Суфиан ас-Саури, АбдуллаҺ Ибн Мубарак, аш-Шафии, Мухаммад Хасан аш-Шайбанилер болған.

Имам Шафии былай деген: “Егер қандай да бiр хадис Маликтен келтiрiлсе, онда ол – жарық жұлдыз”.

Анас Ибн Мәлик 900 шейхтан бiлiм алған, ал оның 300-i табиғиндер едi.

Егер әлдекiм имам Мәлiкке фиқҺ саласынан сұрақ берсе, онда ол оған ауызша жауап берген немесе қағазға жазып берген. Ал егер одан хадис жөнiнде сұраса, онда ол алдымен тазаланып, дәре талатын, сосын хош иiс себiнiп, жұпарланатын, содан кейiн барып хадистердi айта бастайтын. Мұның бәрiн ол АллаҺтың Елшiсiнiң, салла АллаҺу алейҺи уә сәллам, хадистерiне деген құрмет сезiмiнiң арқасында iстейтiн.

Бiр күнi имам Малик Пайғамбардың, салла АллаҺу алейҺи уә сәллам, хадисiн әңгiмелеп отырған кезiнде оны шаян шағып алады, бiрақ ол әңгiмесiн тоқтатқан жоқ. Қашан ол хадистi толық айтып болған кезiнде, оны шаян шаққанын аңғарып қалған жанында отырған серiктерi одан әңгiменi неге тоқтатпағанын сұрады. Сонда ол былай деп жауап қайтарды: “Мен РасулуллаҺтан, салла АллаҺу алейҺи уә сәллам, ұялдым”.

Бұл ұлық кiсiнiң тақуалығының шегi жоқ едi, оның өлер алдында айтқан мына сөзi соның бiр көрiнiсi: “Мен өзiм шығарған әр пәтуам үшiн өзiме бiр-бiр дүре соғылғанын қалар едiм”. Ол мұны пәтуа берушiге жүктелетiн жауапкершiлiктiң ауыр жүгiн сезiнгендiгiнен айтқан болар.

Бiр күнi имам Маликтен алыс жұрттан халықтың жұмсауымен бiр адам келдi. Ол одан қырық шақты сұрақтың жауабын алып қайтпақшы едiм. Сол үшiн ол алыстан ат арытып, бiр ай жол жүрiп, Мәдинаға көп қиыншылықтармен жеттi. Ол адамның кейбiр сұрақтарына имам Малик жауап бере алмады: “АллаҺтың атымен ант етемiн, мен бұл сұрақтардың жауабын бiлмеймiн”. Сонда әлгi адам қатты таңқалып: “О, Имам! Менi жұртым жiбердi ғой… мен сонау алыстан жеттiм ғой… мен оларға қайтып барғанда не деймiн?”, – дедi. Имам Малик айтты: “СубханаллаҺ! Сен оларға турасын айт: “Малик бұл сұрақтардың жауабын бiлмедi деп”. Имам Малiктiң iлiмде биiк дәрежеге жеткенi соншалық, одан тiптi, бұрын өзi сабақ алған кiсiлерi келiп бiлiм үйренетiн. Сөйте тұра имам Малик қарапайымдылығы мен кiшiпейiлдiлiгiнен ешуақытта танған емес. Ол бiр сөзiнде былай деген: Мен тек қана адаммын, тура да болам, кей кезде қателесемiн де. Егер менiң сөздерiм және пiкiрлерiм Құран мен суннаға тура келсе алыңдар да, тура келмесе тастаңдар”. 

Имам Малик АллаҺтан шын қорқатын, нағыз құлдарынан едi. Оның АллаҺтың бiрлiгi жөнiндегi түсiнiктерi сахабалардың түсiнiктерiмен сәйкес келiп жататын. Халид Ибн Муслимнiң риуаяты бойынша имам ад-Дарукутни әңгiмелейдi: “Мен Маликтен: АллаҺтың сипаттары туралы не дейсiз?” – деп сұрадым. Ол оған былай деп жауап бердi: “Қалай келдi (яғни, түстi), солай қабыл етiңдер (яғни, өзгертпеңдер).

Ибн Абдул Барр әңгiмелейдi: “Адамдар имам Маликтен: “Қиямет күнi АллаҺ Та`ала көрiне ме?” – деп сұрады. Сонда ол: “Ия”, – деп жауап бердi және Қиямет сүресiнiң 22-23 аяттарын дәлел етiп келтiрдi”.

Жағраф Ибн АбдуллаҺтың риуаяты бойынша бу Нуғайм айтты: “Бiр күнi бiз Малик Ибн Анаспен бiрге отырған едiк. Сол кезде бiр кiсi келiп: “й, АбдуллаҺтың әкесi, Құранда АллаҺ Та`ала: “Рақымды тақтың үстiне көтерiлдi”, – деп айтты, сонда қалай көтерiлдi? – деп сұрады.Оның бұл қылығына имам Малик қатты ашуланып, басын көтерiп алды, қолына ұстап отырған талдың бұтағын тастай салды да былай дедi: “Қалай дегенiң ақылсыз (яғни, түсiнiксiз) сұрақ, көтерiлуде белгiсiздiк жоқ, бұған иман келтiру уәжiп, ал бұл туралы сұрау бидғат. Мен сенi бидағатшы деп есептеймiн”, – дедi де оны қуып жiбердi”. 

Имам Маликтiң былай дегенi бар: “АллаҺ Та`ала аспанда, ал оның iлiмi барлық жерде”. Ал иман туралы: “Иман – бұл сөзбен және амалмен болады, көбейедi және азаяды”. Тағы бiрде былай деген: “Егер адам АллаҺ Та`алаға серiк қоспай, үлкен күнәларға батып кеткен болса, бiрақ кейiн тәубаға келiп, нәпсiден тыйылса әрi бидғаттан аулақ болса, онда ол жәннатқа кiредi”.

Мәлик Ибн Анас белгiлi кiтаптардың бiрi, – “л-Муатта” деп аталатын хадистер жинағының авторы боп табылады. Имам Шафии бұл кiтапқа былай деп баға берген едi: “Жер бетiнде АллаҺтың Кiтабынан кейiнгi Маликтiң кiтабынан жақсы кiтап жоқ”. Ол тұста әл-Бухаридiң “Сахих әл-Бухари” – деп аталатын хадистер жинағы әлi дүниеге келмеген болатын. Ал бүгiнгi таңда ғалымдар АллаҺтың Кiтабынан кейiнгi ең жақсы кiтап әл-Бухаридiң “Сахихтары” деп есептейдi.

әл-Муаттаның екi нұсқасы ғана сақталған:

1. Имам Маликтiң ең көрнектi шәкiртi Мухаммад ибн әл-Хасан аш-Шайбани нұсқасы.
2. Иахия әл-Лейси әл-Андалуси нұсқасы.

Бұлар белгiлi бiр тақырыптар бойынша жинақталған ең алғашқы хадистер жинақтарынан едi.

Исламның ұлы ғұлама ғалымдарының бiрi имам Малик Ибн Анас һиджраның 179 жылы (785ж.) рабиғул-әууәл айының жексенбiсiнде қайтыс болды. Оның мүрдесi Мәдинадағы әл-Бақи қорымының есiгi тұсына жерлендi.

Имам ан-Науауидiң айтуы бойынша, имам Малик жан тапсырар алдында былай деген: “Болған нәрсенiң және болатын нәрсенiң барлығы АллаҺтың құзырында”.

Күллi мұсылман қауымы iлiмнiң биiк дәрежесiне жеткен деп санайтын имам Малик өлiп бара жатып: “Мен түк бiлмей өлiп бара жатырмын!” – деп айтқан екен.

http://dinislam.kz

 

 

 

 

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 1799 рет
JoomShaper
Top