Имамның және оған ілесушінің намазда «әмин» деп айтуындағы мазһаб иелерінің көзқарастары және олардың дәлелдері

Сенбі, 31.08.2013
Имамның және оған ілесушінің намазда «әмин» деп айтуындағы мазһаб иелерінің көзқарастары және олардың дәлелдері

Намаздағы «әмин» деп айту ол әрбір намаз оқушыға (имам болсын, ілесуші болсын, жамағатпен болсын немесе жеке оқыса да) Фатиха сүресінен кейін «әмин» деп айту сүнеттен болып табылады.

بسم الله الَرحمان الرحيم

Намаздағы «әмин» деп айту ол әрбір намаз оқушыға (имам болсын, ілесуші болсын, жамағатпен болсын немесе жеке оқыса да) Фатиха сүресінен кейін «әмин» деп айту сүнеттен болып табылады. Енді осы «әмин» деп айтуда ғалымдар екі көзқараста болды.
Біріншісі—дауыстап айту. Имам Шафиъи және Имам Ханбал мазһабында мына хадистерді ұстанып «әминді» дауыстап айтуды жөн көрді. «Әл-уасит фил-фиқһил муяссар»кітабында Әбу Хурайрадан жеткен хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у.) айтты:

« اذا أمن الامام فأمنوا, فأنه من وافق تأمين الملائكة غفر له ما تقدم من ذنبه»

«Егер имам «әмин» деп айтса, сендерде «әмин» деп айтыңдар. Расында кімнің «әмин» деп айтуы періштенің «әмин» деп айтуына сай келсе оның алдыңғы өткен күнәлары кешіріледі». Оданда басқа хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у.) айтты:

فقولوا : امين.«غير المغضوب عليهم ولا الضانين» اذا قال الامام

«Егер имам «ғойрил мағдуби ъаләйһим уә-ләд-дооллин» десе, сендер «әмин» деп айтыңдар».
Ато (р.а.) деген сахаба айтты:

صحابة ف ادركت مائتين من اي هذا المسجد- اي: المسجد النبوي- اذا قال الامام :” و لا الضالين” سمعت قولهم له رجة آمين. و معنى لفظ “آمين”: اللهم استجب .

«Осы мешітте (яғни, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мешіті) 200 сахабаның намаз оқып жатқанына жетіп келдім. Сол кезде имам «уә-ләд-дооллин» деп айтты. Сөйтіп сахабалардың «әмин» деген сөзінде гүр еткен дауысты естідім». Ендеше «әмин» деген сөздің мағынасы «Аллаһым, қабыл ете гөр» деген.
«Әсәр сунан» деген кітапта Абу Хурайра (р.а.) риуаят еткен хадисте « Расында Пайғамбарымыз (с.а.у.) айтты:

اذا قال الامام غير المغضوب عليهم و لا الضا لين فقولوا آمين فانه من وافق قوله قول الملائكة غفر له ما تقدم من ذنبه.

-Егер имам «ғойрил мағдуби ғәлейһим уә-ләд-дооллин» десе, сендер де әмин деп айтыңдар. Расында кімнің сөзі періштелердің сөзіне тура келсе, оның алдыңғы өткен күнәлары кешіріледі». Бұл хадисті Имам Әл-Бұхари және Имам Муслим риуаят етті. Және Имам Малик те өзінің «Муатта» атты хадис жиынтығы кітабында риуаят етті.
Хужридің баласы Уайл айтты:

كان رسول الله صلى الله عليه وسلم: اذا قرأ و لا الضالين قال آمين رفع بها صوته رواه ابو داود و الترميذي و آخرون. و هو حديث مضطرب.

«Пайғамбарымыз (с.а.у.) «уә-ләд-дооллин» деп оқыған кезінде көтеріңкі дауыспен әмин деп айтқан еді». Хадисті Абу Дауд, Тирмизи және басқаларда риуаят етті. Бұл хадис мудтариб.
Екінші көзқарас—Имам Абу Ханифа төмендегі мына Құран аяттарына және хадистерге қарап отырып «әмин» деген сөзді іштей жасырын айтуды дұрыс көрді. Ағраф сүресінің 55 аятында Аллаһ Таъала былай деді:

«ادعوا ربكم تضرعا و خفية»

«Раббыларыңа жалбырынып, жасырын түрде тілеңдер».
Марьям сүресінде:

“اذا نادى ربه نداءا خفيا”

«Ал бір заманда ол Раббысына құпия дауыспен жалбарынған еді».
Имам Тирмизидің сахихында Уайлден жеткен хадисте:

“ان النبى صلى الله عليه وسلم قرء غير المغضوب عليهم، فقال : آمين، وخفض بها صوته.”

«Пайғамбарымыздың (с.а.у.) «ғойрил мағдуби ъаләйһим» оқылғанда дауысын төмендетіп «әмин» деп айтты».
Әд-дару құтни және Ахмадтың сахихында және «Әл-Мирқот» деген кітапта Уайлден жеткен хадисте былай деді:
“انه صلى مع النبى صلى الله عليه وسلم. فلما بلغ غير المغضوب عليهم و لا الضا لين ، قال : آمين و اخفى بها صوته.”
«Расында ол Пайғамбарымызбен (с.а.у.) намаз оқыды «ғойрил мағдуби ғәлейһим уә-ләд-дооллин»-ді оқыған кезде «әминді» жасырын дауыспен айтты».
Муфти Мухаммад Шахидун лилләһи әл-һауароуидің «Тухфатул-Мишкат» атты кітабында және «Маърифу сунан» атты кітапта былай делінген: Әминді жасырын айтты. Ол Хазіретті Омар және Али және ибн Масъуд және Ибраһим Ән-нахъии және сахабалар мен табиъиндер жумхуры ұстанған жол. Әрі бұл мәселе төрт халифадан бекітілді, «Әл-бадаиъ» кітабында.
«Әдилләту әл-Ханафия» атты кітабында Ибраһимнен жетті. Ол айтты: «Имамның жасырын айтатын бес нәрсесі

1) Субханака Аллаһумма уә-бихамдика;
2) Аттаъаузу (Аъузу билләһи минаш-шайтонир-рожим);
3) Бисмиллаһир рохманир-рохим;
4) Әмин;
5) Аллаһумма рәббана ләкал хамд».
Табаронидің «әл-Кабир» атты кітабында және «Муъжам» атты кітапта Уайлдің әкесі айтты: «Хазіреті Али Абдуллаһ бин Масъуд Бисмиллаһир рохманир-рохимді, аттаъаузді, әминді іштей жасырын айтатын еді».

Жоғарыдағы хадистерге мән беріп қарайтын болсақ, онда Пайғамбарымыздың (с.а.у.) «әмин» деп айтуды дауыстап немесе жасырын іштей айтыңдар деп бұйырмаған. Ол жалпылай «әмин» деп айтыңдар деген. Осыны қуаттай түсетін екі сахихте Пайғамбарымыз (с.а.у.) айтты:
«Аллаһумма салли ъала Мухаммад (салауат) деп айтыңдар деген».

قال “قولوا للهم صلى على محمد.”

Ал бұл жердегі айтыңдар деген сөзі жалпылай келіп тұр. Сондай-ақ біз намаздарымызда Пайғамбарымыз (с.а.у.)-ға салауатты іштей жасырын айтамыз.
Ендеше атап өткен аяттар мен хадистерге сүйенер болсақ, «әмин» деп айту дұға болып есептеледі. Ал дұғаны іштей жасырын тілеу сүннеттен болып табылады және абзал болып саналады. «Тухфатул-Мишкат» және «Әл-Бадаиъ» кітаптарында айтылған.

 

 

 

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 1652 рет
JoomShaper
Top