Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды Құрбан айт мейрамымен құттықтады

Сенбі, 30.08.2014

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы Хазірет Сұлтан мешітінде болып, барша қазақстандықтарды Құрбан айт мейрамымен құттықтады.

 «Құрметті қазақстандықтар, бүгін барлық мұсылман әлемі, дүниедегі 1,5 млрд. мұсылман жұртшылығы еліміздің төл мерекесі саналатын Құрбан айт мейрамын зор құрметпен өткізіп жатыр. Тәуелсіздік жылдарында өзіміздің төл дініміз, Ислам дініне халқымыз жаппай оралуда. Осының барлығы қайырымен болсын!», - деді Елбасы.

«Тәуелсіздігіміздің арқасында мыңдаған қазақстандық қажылық жасап, Меккеде өздерінің намаздарын оқып, тілек тілеп жатыр. Сол тілектердің барлығы да қабыл болсын! Баршаларыңызды шын жүрегіммен бүгін Құрбан айт мейрамымен құттықтап, тілеген тілектеріңіз, шалған құрбандықтарыңыз Алланың құлағына шалынсын», - деп атап өткен ҚР Президенті барша мұсылмандарды Алла Тағала береке-бірліктен ажыратпасын, әрбір отбасында жақсылық, береке болсын деген тілегін жеткізді.

Дереккөз

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 1486 рет
JoomShaper
Top