Рамазан айында қандай кітап оқыған абзал?

Сенбі, 12.05.2018

- Рамазан айында қандай кітап оқыған абзал?

- Рамазанға жоспармен келу керек. Ол отбасыға, жұмысқа, қоғамға байланысты жоспар. Отбасында әке  үйдегі балаларға Рамазанның мәнін түсіндірген жөн. Осы айды сауаппен, Алланы риза қылатын амалмен өткізуге, ізгілікке шақыру керек. Ізгі амалдардың ішінде кітап оқудың рөлі зор. Рамазанда Құран оқыса нұр үстіне нұр. Алайда, араб харпін танымайтын кісілер болса, Пайғамбарымыздың (c.ғ.с.) өмірі «сираны» бастан-аяқ оқып шықса. Сондай-ақ «Құран қиссалары» деген кітап немесе Пайғамбарымыздың (c.ғ.с.) хадистерімен сусындаған абзал. Сүрелерді жаттап, барынша діни сауат деңгейін арттыруды мақсат етсе, оның өз сауабы бар.

Арнайы KAZISLAM үшін Қанат Қыдырмин

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 203 рет
JoomShaper
Top