Жұма және әйелдер

Жұма, 11.05.2018
Жұма және әйелдер

Ғалымдарымыздың бәрі бір ауыздан: «Шариғатта әйел баласына жұмаға бару міндет емес» деген. Олардың сүйенген дәлелі  Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мына хадисі: «Жұма намазы құл, әйел, жас бала және науқастан басқа мұсылмандарға парыз».

 

Бұл күні әйел адамдар не істеуі керек?

1. Таңертең ертерек тұрып, ғұсыл дәретін алып, әдемі киімдеріңізді киіңіз.

2. Отбасыңызды, балаларыңызды бұл қасиетті күнмен құттықтаңыз.

3. Үйіңізді тазалаңыз (жұмысқа кететін болсаңыз бейсенбі күні жинап қойыңыз).

4. Шелпек, бауырсақ, тәттілеріңізді пісіріңіз, мейрамды балаларыңыз да сезінсін (жұмыста болсаңыз ертерек дайындық жасаңыз, нанды ашытып кетсеңіз, кешке жұмыстан келіп пісіре саласыз).

5. Аллаға шүкіршілік етіп, көбірек дұға жасаңыз. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

«Жұма күнгі 12 сағаттың ішінде бір сағат бар, ол уақытта мұсылман Алладан бірнәрсе сұрап, дұға етсе, оған міндетті түрде жауап қайтады. Бұл сағатты асыр намазынан кейінгі уақыттан іздеңдер», – деген.

6. «Кәһф» сүресін оқудың маңызы өте зор.

7. Кешке отбасылық асқа жиналып, балаларыңызға да бұл күннің маңызы жайлы, мейрам екенін айтып, Аллаға көбірек шүкіршілік етіңіздер.

8. Дастархан басында жақсы әңгімелер айтып, дүниеден өткен ата-ана, жақын-туыстарға Құран бағыштаған дұрыс.

Жұма қабыл болсын!

Мадина Жанғазиева

 

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 538 рет
JoomShaper
Top