Сіз Рамазанға дайынсыз ба?

Бейсенбі, 26.04.2018
Сіз Рамазанға дайынсыз ба?

Дәл 19 күннен соң қасиетті Рамазан айы басталады. Айлардың сұлтаны болған бұл мезгілге рухани тұрғыдан ғана емес, физиологиялық түрде де дайын болу керек.

 Сіздердің назарларыңызға Оразаға дейін ағзаны дайындаудың 10 тәсілін ұсынамыз:

1.Ағзаны тазалауға кірісіңіз.

Қазірдің өзінде дұрыс тамақтану режимін бастап, ішкі организмді шлактардан тазарту жұмысын жүргізіңіз. Көкөністерді, жеміс-жидектерді, жаңғақтарды жеп, денені витаминдермен толықтырыңыз. Дұрыс ұйқыны және спортты да ұмытпағаныңыз абзал. Ауыр, майсыз, тұзды және дәмді тағамдардан аулақ болыңыз. Асқазаныңызға жүк салмаңыз.

2.Кофе тұтынуды азайтыңыз.

Сіз кофеге әуесқой болсаңыз, Рамазан айының алғашқы күндерінде бас ауыруын болдырмау үшін қазір кофені тұтынуды азайту өте маңызды. Ағзаны кофесіз жұмыс істеуге үйретіңіз. Бұл кеңес қара шайға да арналған. Шәй алмастырушы шөптерді ішіп, ағзаны үйретуге кірісіңіз.

3.Суды көп мөлшерде ішіңіз.

Су, су және тағы су! Судың ағзаға қаншалықты маңызды екені айтпаса да түсінікті. Енді күніне 2 литр су ішуді әдетке айналдырып, ас қорыту, артық салмақ қосу проблемалары мен жүрек және бас ауруларының алдын алыңыз.

4.Артық тамақтанбаңыз.

Көп тамақтануды әдетке айналдырмаңыз. Мұндай зиянды әдеттер, әсіресе, Рамазанның алдында жағдайды қиындатады. Асқазаныңыз көп тамақты қажет етіп, осылайша өзіңіз үшін ораза кезінде қиындық туындайды. Бұл тәуелділіктен зардап шекпеу үшін күніне үш рет аз мөлшерде тамақтанып , құрғақ және майлы тағамдардан бас тартқаныңыз абзал.

5.Таңғы ас ішіңіз.

Таңғы ас туралы ұмытпаңыз. Бұл Ораза кезінде сәресі уақытына сай ағзаны ерте тамақты қабылдауға үйретеді.

6.Жаман әдеттерден бас тартыңыз.

Рамазанды шартқа сай шынайылықпен ұстау үшін, сіз оны орындауға кедергі келтіретін зиянды әдеттерден арылуға өзіңізді үйретіңіз: шағымдануды, шыдамсыздықты және т.б. Бұл жаман әдеттер рухани, ақыл-ой мен денсаулыққа кері әсер етеді.

7.Ораза ұстаңыз.

Бұл ең жақсы дайындықтың түрі. Шағбан айы – бұл үшін керемет мүмкіндік. Осы айдың бірнеше күндерінде сүннеттік оразаны ұстап, ағзаны 30 күндік Ораза режиміне дайындауға болады.

8.Дұрыс ұйқы.

Дұрыс ұйқы физикалық және психикалық денсаулық үшін қажет. Ерте ұйықтап, ерте тұруға әдеттеніңіз. Бұл сәресіне тұру үшін жақсы дайындық. Күндіз сәл мызғып алғаныңыз абзал.

9.Ас мәзірін жоспарлаңыз.

Рамазанға ас мәзірін айдың бірінші аптасында жоспарлаңыз. Дұрыс және қорегі мол дүниелермен тамақтану керек.

10. Дәрігер қарауынан өтіңіз.

Рамазанның басталуына дейін дәрігерге барып, денсаулығыңыздағы ақауларды тексетіп, оған сай ем қабылдап алғаныңыз жөн.

 Мадина Жанғазиева

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 453 рет
JoomShaper
Top