Америкадағы мұсылмандар

Бейсенбі, 26.04.2018
Америкадағы мұсылмандар

Қазіргі таңда Америка құрлығында шамамен 4,5 миллион мұсылман бар. Олардың басым көпшілігі, шамамен 3,4 миллионы Солтүстік Америкада, қалғаны Оңтүстік Америкада өмір сүреді . Соңғы жылдары бұл көрсеткіш тез артып келеді.

 

Ислам Америкаға түрлі жолдармен келді. Көбінесе, әлемнің түкпір-түкпірінен келген эммигранттар арқылы тарады. Америкада жұмыс істейтін мұсылмандар жергілікті тұрғындар арасында исламды таратуға тырысады.

АҚШ-та мұсылмандар, көбінесе, сауда, саясат және білім беру саласында жұмыс атқарады.

Солтүстік Америкада жалпы мұсылмандар халықтың 1,5%-ын құрайды.

  • Солтүстік Америка мұсылмандарының 100 мыңға жуығы Канадада тұрады. Олар ел халқының 0,005% -ы .
  • Мексикада тұратын мұсылмандардың саны шамамен 10 000 адам. Бұл барлық тұрғындардың тек 0,002%-ы ғана.
  • Панамадағы мұсылмандардың саны 50 мың адам, яғни халықтың 3,5%-ы.

Америка Құрама Штаттарында қара нәсілділер арасында Ислам діні кең тараған. Негізгі себептердің бірі – дін мен адамның барлық қажеттіліктерінің сәйкестігі. Исламдық елдердің қолдауымен Америкада көптеген мешіттер мен медреселерді салыған. Онда Киелі Құранның мәтіндерін үйретіп, дін туралы кең көлемде мәлімет береді.

Оңтүстік Америкада мұсылмандардың саны қалыпты деңгейде аз. Оның себебі континенттегі көптеген елдердің әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Тек Аргентина, Бразилия, Чили, Гайана, Суринам, Тринидад және Тобаго елдерінде мұсылман қауымдар бар.

Оңтүстік Американың мұсылмандарының көпшілігі артта қалған, экономикасы дамыған елдерде өмір сүреді.

  • Аргентинада олардың саны 486 000 адам және елдің жалпы халқының 2%-ы.
  • Бразилияда барлығы 210 000 мұсылман, бұл халықтың 0,2%-ы .
  • Чилиде мұсылмандардың саны 50 мыңнан асады, бұл халықтың 0,05% -ы ғана.

Тринидад және Тобаго аралдарында мұсылман халқы аз.

  • Оңтүстік Америка солтүстік бөлігінде, 127 000 адамнан астам, жалпы халықтың 12%-ы.
  • Тринидад аралдарының қасындағы Гайанада Исламды ұстанатын халықтың саны 114 000 , жалпы халықтың 15% -ы.
  • Суринамда мұсылмандардың көп бөлігі, яғни, 430 мың адам тұрады. Бұл тұрғындардың 25%-ы.

Американдық мұсылмандар түрлі ұлт өкілдері. Оның басым көпшілігі жергілікті тұрғындар – қара нәсәлдәлер. Олар әр түрлі мазхабтарға жатады, бірақ көбісі сүнниттік бағытта.

Мадина Жанғазиева

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 144 рет
JoomShaper
Top