×

Қателік

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 377

Шығыстан шыққан заманауи авторлар

Дүйсенбі, 16.04.2018

Заманауи әдебиет әлемінде баршаны мойындатып жүрген мұсылман авторлар бар. Олар баяндаған оқиғадан ислам дінінің исі шығып, адам жанын ізгілікке баулиды. Бүгін біз соның үштігін ұсынбақпыз.

1.Халед Хоссейни

Аумалы-төкпелі заманда өз отбасымен АҚШ-та бас сауғалаған ауғанстандық азамат. Ауғандықтардың ішіндегі ең танымал америкалық жазушы Халед Хоссейни. Оның көпшіліктің ауызында жүрген шығармасы «Бегущий за ветром»  .

 «Желмен жарысқан»  - достық, адалдық және сатқындық негізгі тақырып. Эмоцияға толы роман кедейлік пен байлықтың, білім мен сауатсыздықтың, сұлулық пен ұсқынсыздықтың Әмір мен Хасанның айырмашылығы туралы әңгімелейді. Романның астарында Ауғанстандағы орыс әскері кірген кездегі ауыр жағдай баяндалады.

2.Реза Амир-Хани

Реза Амир-Хани Шығыстың ең беделді жазушыларының қатарына кіреді. Оның «Оның «Мені» » романы, Иранның ең жақсы бестселлері.  Кітап он рет қайта басылып шықты. Оқиға Пехлеви әулетінің дәуірінен бастап қазіргі заманға дейінгі Тегеран отбасының тағдыры, шаханың реформалары, революция, осы кезеңде Иран арқылы өтіп жатқан соғыстар туралы. Осы оқиғалар бір ғана кейіпкердің негізінде дамып отырады.

3.Орхан Памук

Орхан Памук – Түркиялық жазушы. Оның шығармашылығының негізгі тақырыптары – Шығыс пен Батыс, ислам мен христандық, дәстүрлік пен осы заман арасындағы қақтығыс пен қарсылық. Бұл жазушының шығармалары, тіпті, қазақ тіліне де аударылып үлгерді.

 «Менің атым – Қырмызы» атты романы қазақ қоғамында кеңінен танымал. Романға эпиграф ретінде Құранның үш аятын алады: Бақара сүресінің 72-аяты; Фатыр сүресінің 19-аяты; Бақара сүресінің 115-аяты.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс:
Оқылды 92 рет
JoomShaper
Top